Абай облысында қаза тапқан орманшылардың отбасыларына төленетін төлемдердің жалпы сомасы 88 млн теңгеден асады. Бұл туралы «Курсивке» Freedom LIFE сақтандыру компаниясы мәлімдеді.
Абай облысындағы қайғылы оқиға. Қатты ыстық және ұйтқыған жел нәтижесінде, 2023 жылдың 8 маусымында өрт тек екі сағат ішінде 100 га астам аумаққа тараған. Қайғылы оқиға салдарынан, РГУ «ГЛПР «Семей орманы» Новошульбинск филиалының 15 қызметкері қайтыс болды. Экономикалық нұқсан 165 млрд теңге мөлшерінде бағаланған. Алайда, ең үлкен және орны толмайтын қаза – балалары әкесіз қалған, ал отбасы басты асыраушыдан айырылған.
Қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатыр.2023 жылдың маусымынан бастап, Freedom Holding Corp. «ПК «Семей цемент зауыты» ЖШС бірлесіп, қаза тапқандардың отбасына, Freedom Support ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру бағдарламасы арқылы қаржылық жәрдем көрсетуді жүзеге асырған.
Бағдарлама ережелеріне сәйкес, әкелері зілзала апат кезінде қайтыс болған кәмелетке толмаған балалар пайдасына 200 мың теңге мөлшерінде құрайтын төлемдері айсайын, олар 18-ге толғанша жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысы өңір тұрғындарымен кездесуде Абай облысындағы өртте қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына дербес жәрдемақы төленетінін айтты.
Сондай-ақ, Экология министрлігі қаулының жобасын жариялады, онда Абай облысында өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасы мүшелері соңғы атқарған лауазымы бойынша ай сайын ақшалай қаражаттың 40% мөлшерінде төлем алатын болады.
Halyk Bank қаза тапқандардың барлық отбасыларына үш млн теңгеден төлейтіндерін айтты, ал банк клиенттеріне несиені есептен шығаруға уәде берді.
Әкесі мен асыраушысынсыз қалған отбасының тарихы.
Наталья Фединаның айтуы бойынша, жасы 10-дағы оның баласының әкесі Даниил Ганьшин орман шаруашылығының өрт сөндіру машинасының жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан. Ол аман қалуы мүмкін еді, бірақ өрт кезінде ажалынан қайтыс болды:
«Даниил өрт сөндіру машинасының жүргізушісі болып, 2023 жылдың мамырында орналасқан. Бұрын ол бұндай жаһандық апатқа кез келген емес. Жаңа жұмысқа орналасқанына қуанған сәті әлі есімде, енді бәрі жақсы болады деген еді. Ал, бар болғаны 8 ай өткен соң қайтыс болды. Сұрапыл апат қызған кезде, ол өзінің әріптесімен өрт ошағынан шыққан болатын, аман қалар еді. Бірақ, оларды рация арқылы көмекке шақырды. Орман шаруашылығының басқа машинасы құмға батып қалған еді. Даниил әріптесімен бірігіп, достарын құтқаріға аттанды… Бас кезінде маған, Даниил хабар-ұшарсыз кетті деген хабар келді, себебі бірнеше күн бойы оларды таба алмаған. Табылған сүйектер қатты күйген, және сараптама жасауға жолданған. Мен ақырына дейін, оның тірі қалғанына сенім арттым. Мейірімді, өмір сүйгіш, жарқын Даниилдың қаза тапқанына, баласы әкесіз қалатынына сенгім келген жоқ»-деді Наталья.
Қайтыс болғандардың жеке басы анықталған соң, Ана үшін ең ауыры- әкесі қаза тапқаның баласына хабарлау болды. Қарсаңыда Даниилдің келуін ұлы асыға күткен. Өкінішке орай, өлім туралы хабар келді:
«Мен, жасы онға толған ұлымыз Дмитрийді жалғыз асыраудамын. Даниилмен көп уақыттан бері бөлек тұрамыз, бірақ қарымқатысымыз жылы. Ол әрдайым бізге көмектесетін және ұлын тәрбиелеуге қатысатын. Сондықтан, Даниилдің өмірден кеткені ұлы үшін орны толмайтын қаза болды, ал мен -ең қымбатты, жақын досымнан айырылдым.
Әкесінін қазасына Дима күні бүгінге дейін ауыр қайғыруда. Әкесінің қабырана баруды жиі сұрайды. Енді бізге үнжырғыға түспей, өмірсүруді жалғастыру керек.
Мен уақытша жұмыс істемеймін. Балама көбірек көңіл болу мақсатында, қашықтықта істеу жұмысын іздестірудемін. Қала жағдайы қауіпті, сондықтан оны мектепке апару/күтіп алу керек. Сонымен қатар, ол ағылшын тілін үйрену сабақтарына, шахмат және театр үйірмелеріне барады. Барлық жерлерде мен онымен біргемін. Қорғаушы ретінде ғана емес, қолдаушы, қамқоршы, досы ретінде.».
Натальяның айтуына сәйкес, Freedom Holding Corp. «ПК «Семей цемент зауыты» ЖШС бірлесіп, Freedom Support бағдарламасы бойынша сақтандыру шарттары арқылы қаржылық көмек беру ұсынысы оған тосынсый болды:
«Бұл өте орынды көмек, қазіргі заманда баланы жалғыз тәрбиелеу өте қиын. Біздің отбасымыз ұшыраған оқиға, өмірді сақтандыруды керек екенін дәлелдеді. Бұрын бізде аталған Шарт болмаған, жазатайым оқиғаға тап болу, ойымызға кіріп/шыққан емес. Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясы іске қосқан Freedom Support бағдарламасы бізге ойламаған жерден жақсы мүмкіншілік ұсынды. Балама ақылы сабақтарға, үйірмелерге, секцияларға қатысу мүмкіншілігін және дара тұлға ретінде даму мүмкіндігін берді. ӨСК және бүкіл Холдинг басшылығы мен мамандарына шын жүректен алғысымды айтамын. Өрт салдарынан жақындарынан айырылған біздің және басқалардың отбасына бұл маңызды көмек болып табылады»-деп, атап өтті Наталья.
Естеріңізге саламыз, қазіргі сәтте, Freedom Support бағдарламасы бойынша 200 мың теңге мөлшерінде құрайтын аннуитеттік төлемдері, 2022 жылдың қаңтар айында орын алған тәртіпсіздік нәтижесінде әкелері қайтыс болған балалар пайдасына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне,сондай-ақ, жүзеге асырылуда.