Жаңалықтар

G7 Украинаны қолдауды және Ресейге қарсы экономикалық санкцияны жалғастырады

Фото: Анадолу сайты

«Үлкен жетілік» (G7) Сыртқы істер министрлері Украина төңірегіндегі жағдайды талқылау қорытындысы бойынша Киевті қолдауды және Ресейге қатысты санкциялық қысымды сақтауға дайын екендіктерін растады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Жапонияның Сыртқы істер министрі Йоко Камикаваның төрағалығымен өткен кездесуге АҚШ, Канада, Германия, Италия, Ұлыбритания және Франция СІМ басшылары қатысты.

Украина тақырыбына арналған сессияда G7 Сыртқы істер министрлері «Үлкен жетілік» Ресейге қатаң санкциялар енгізуге қатысты бірлікті сақтайды және Украинаға қолдау көрсетеді деп келісті.

2022 жылдың ақпанынан бастап ресейлік шабуылдарға ұшыраған Украинаны орта және ұзақ мерзімді қалпына келтіруге бағытталған күш-жігер күшейе түседі, деді министрлер.

2023 жылы төрағалық етуші Жапония ұйымдастырған G7 СІМ басшысы Токиода өтеді.