Қазақстан Қытайға 200 мың тонна астық жеткізеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан Қытайға 200 тонна астық жөнелтеді / shutterstock

Қазақстанның Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Қытайға 200 мың тонна астық жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан 6 Халықаралық көрме аясында C.P.Trading компаниясы Қазақстаннан 200 мың тонна астық сатып алуға уағдаласқан.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, «Қытайда өтіп жатқан 6-шы Халықаралық импорт көрмесі аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен C.P.Trading компаниясы арасында әріптестік меморандумына қол қойылды», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, шілде айында ғана Қазақстанның Азық-түлік корпорациясы қытайлық COFCO компаниясымен 75 мың тонна бидай экспорттауға келіскен. Ал тамызда корпорация төрағасы Самат Теңбаев нарықтағы Ресей мен Қазақстан бәсекелестігі туралы сөз қозғап, Қытайдың бізден 3-3,5 млн тонна астық алуға дайын екенін атап өткен.

Сондай-ақ оқыңыз