S&P: Қазақстанда несие алу көрсеткіші депозит ашудан екі есе жылдам өсуде
Соңғы екі жылда Қазақстан банктерінде несие алу операциялары депозит алудан екі есе көп болған. Бұл туралы Алматыда өткен конференцияда S&P Global Ratings халықаралық сараптама агенттігі өкілі Сергей Вороненко айтты.
«Бірінші кезекте несие алу мен депозит ашудағы айырмашылыққа мән берулеріңізді сұраймын. Соңғы екі жыл ішінде бөлшек несие портфелі шамамен 30-40% өссе, бөлшек депозит ашу портфелі 2022 жылы 16% өскен. Бұл бөлшек несиелеуден екі есе төмен», – дейді Сергей Вороненко.
Оның айтуынша, елдегі қарыз жүктемесі жылдам өсіп, халықтың әл-ауқаты оған ілесе алмай келеді. Әсіресе табысы төмен қазақстандықтар қарыз құрсауында қалып қойған. Сарапшылар бөлшек несиелеуді бақылауға алып, оның көлемін азайту қарыз жүктемесін жеңілдетуі мүмкін екенін айтады. Егер осы бағытта жұмыс жалғаса беретін болса, қарыз жүктемесі 1%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Осыған дейін ел азаматтарына банктер мен микроқаржы ұйымдарынан
қарыз алудан ерікті түрде бас тарту құқығы берілетінін жазған едік.
Курсив хатына берген жауабында Ұлттық банк қазақстандықтардың депозиттері бойынша өтемақы төлеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасының қолданысын қайта бастауды қарастырмайтынын хабарлаған.