Қазақстан мен Ресей ЕАЭО нарығында бір-бірімен бәсекелеспеуі керек – Тоқаев
Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін азық-түлік, тыңайтқыштар мен тұқымдар халықаралық санкциялардан босатылуы керек, деп мәлімдеді президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында.
«Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін азық-түлік өнімдерін, тыңайтқыштар мен тұқымдарды халықаралық санкциялардан босату керек деген ұстанымда», – деді Тоқаев.
Тоқаев, мемлекет өзгенің емес өзінің өнімдерін тұтынуы тиіс екенін атап өтті.
«Біз өзімізді сынай отырып мойындауымыз керек: картоп, қант қызылшасы сияқты негізгі дақылдар бойынша Қазақстанда отандық селекцияның үлесі 10%-ға да жетпейді. Қазіргі жағдайды шұғыл түзету қажет. Осыған байланысты Қазақстанда селекция және тұқым шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленуде», – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстан өсімдік шаруашылығында минералды тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде қолданбайды.
«Қазақстан ғылыми негізделген қажеттіліктің 25%-ын ғана өндіреді. Ресейде бұл көрсеткіш шамамен үш есе көп. Салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша Қазақстанда жетекші ауыл шаруашылығы державаларымен салыстырғанда өнімділік айтарлықтай төмен», – деді Тоқаев.
Ол Ресей әлем бойынша органикалық тыңайтқыштарды ең ірі экспорттаушыларының бірі екенін еске салып, өткізу нарығының қайта бағдарлануына байланысты Қазақстанға Ресейден келетін тыңайтқыштардың импорты айтарлықтай өскенін жариялады.
«Қазақстан мен Ресей ЕАЭО нарығында бір-бірімен бәсекелеспеуі керек. Біз фермерлер үшін тыңайтқыштың қолжетімділігін арттыру және сыртқы нарыққа шығу жолдарын бірлесіп іздеуіміз керек», – деді президент.
Бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келді. Оны әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевтыңөзі қарсы алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумы барысында Ресейге бірлескен агроинновация орталықтарын құруды ұсынды.
Тоқаев Қазақстанда су ресурсының тапшылығын жоюға бағытталған жаңа Су кодексі әзірленіп жатқанын жариялады. Сонымен қатар, Ресеймен бірлесіп, Орал, Ертіс сияқты үлкен өзендердегі бассейндерді зерттеу жұмысын жандандыруға бағытталған бірыңғай жол картасы жүзеге асырылатынын айтты.