Путин екі ел арасындағы тауар айналымына қатысты Тоқаев келтірген статистиканы түзеді
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел арасындағы тауар айналымы бойынша статистика әр алуан екенін айтты. Статистикадағы айырмашылы $1,2 млрд құрайды. Тікелей инвестициялар статистикасында да алшақтық бар.
Қостанайдағы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында алдымен сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында тауар айналымы $27 млрдқа жеткенін айтты.
«Ресейден тікелей инвестициялар көлемі $20 млрд. Қазақстандағы 42 мыңнан астам шетелдік өндірістің жартысына жуығы (19 мың) ресейлік», – деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтан кейін сөз алған Владимир Путин ресейлік статистикада цифрлардың әлдеқайда жоғары екенін айтты.
«2022 жылы біздің Қазақстанмен тауар айналымымыз 10% өсті. Қасым-Жомарт Кемелұлы $27 млрд деп атап өтті. Ал біздің статистика бойынша $28,2 млрд өскен», — деді Путин.
Оның сөзінше, осы жылдың 8 айында тауар айналым тағы 7% өскен. экспорттық-импорттық операцияларды ұлттық валюталарда іске асыру кеңейген.
«Ресей – Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. Әріптесім Қасым-Жомарт Кемелұлы $20 млрд деп, сәл жоғары деңгейді көрсетті. Біздің есебіміз бойынша $17 млрд», – деді Путин.
Осы форум аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге бірлескен агроинновация орталықтарын құруды ұсынды.