Жаңалықтар

UBS Қытайға, АҚШ сарапшылары күн батареяларына қарайды

UBS қытайлық технологиялық компаниялардың арзан акцияларын мән беруді ұсынады. Ал АҚШ сарапшылары электромобильдер мен күн батареялары нарығына бет бұрды. ФРЖ болса геосаяси шиеленістер әлемдік экономикаға әсер етеді деп қорқады. Әлемдік БАҚ қандай тақырыпты талқыға салғанын шолудан оқыңыз.

АҚШ «сарапшылары» электромобильдер мен күн батареялары нарығына бет бұрды

Hazeltree қазына және өтімділікті басқару платформасы есебіне сәйкес, Rivian және Lucid люкс стартаптары қазан айында Tesla-мен қатар ірі және орташа акциялар позициясы бар үздік 10 компания санатына кірді. Алайда cоңғы бірнеше айда жасыл энергия көздері мен электромобильдердің акциялары төмендеді. Rivian шілде айының ортасынан бастап шамамен 35%-ға, Lucid сол кезеңде шамамен 49%-ға төмендеді. Sunrun және Sunnova акциялары шілде айының ортасынан бастап 50%-дан астам төмендеді.

UBS қытайлық интернет-компанияларға қызыға қарайды

Швейцарияның UBS Group AG банкі қытайлық технология компанияларының арзан акцияларына мән беруді ұсынады. Сарапшылар 2024 жылы олар табысқа жетеді деп болжайды. Ал АҚШ-тың ірі технология компаниялары артта қалады. Банк Apple және Tesla бағалары төмендеп, Alibaba бағасы өседі деп болжайды.

Қытайлық bigtech-тің акциялары 2023 жылы қатты өсе қоймады. Hang Seng индексі елдің экономикасын қалпына келтіру талпынысы әсерінен төмендеп кетті. АҚШ-тағы Nasdaq Golden Dragon China индексінде Alibaba, JD.com және Netease қағаздарын 30% жеңілдікпен сатып алуға болады. Taiwan Semiconductor Manufacturing және Samsung қағаздары да арзан.

Бундесбанк үнемдеуге шақырды

Бундесбанк басшысы Йоахим Нагельдің айтуынша, Еуро Одақ компаниялары жалақыны көтеруден бас тартуы керек. Банктерге шектеулі фискалдық саясат қажет. «Біз жалақының өсуі бағаға әсер етеді деп күтеміз», — дейді Нагель Reuters агенттігіне. Инфляцияны 2%-ға қайтару үшін шығындарды азайту қажет. 

Геосаяси шиеленіс АҚШ экономикасына әсер етеді

Дублинде өткен конференцияда АҚШ ФРЖ басқарушысы Лиза Кук осындай мәлімдеме жасады. Reuters геосаяси шиеленістің өсуі, ең алдымен, Еуропа мен Қытайдың экономикалық өсуіне әсер ететінін жазады. Ал АҚШ қайталама әсерлерден зардап шегеді.  Кук кез келген қақтығыс пен геосаяси өзгеріс шикізат нарығы мен несиелендіру жүйесіне тұрақсыздық алып келетінін айтты.

Қысқаша

Сейсенбіде өткен 40 млрд доллар аукционынан кейін АҚШ-тың 10 жылдық қазына кірісі 4,5%-ға дейін төмендеді.

Warner Bros. Discovery Голливудтағы ереуілдер мен дәстүрлі телеарна көрерменінің азаюы жарнама нарығына әсер еткенін жазды. Компания акциялары кеше 19%-ға төмендеді.

Сәрсенбіде жарияланған Еуростаттың ресми деректеріне сәйкес, қыркүйек айында Еуроаймақтағы бөлшек сауда 0,7% төмендеді. 

Brent мұнайының құны бір күн бұрын 2,52%-ға, барреліне 79,36 долларға, WTI 2,63%-ға, барреліне 75,13 долларға төмендеді.