Астана РФ президентін қалай қарсы алды?

Жарияланды
Астана путинді қарсы алды / коллаж kursiv.media


Бейсенбі, 9 қараша таңертең президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді әуежайдан қарсы алды. Қазақстан Ресей Федерациясының президентін қарсы алуға қызу дайындалды.

Әуежайдан Ақордаға дейін тасжолдың бойына Ресейдің туы ілінді. «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің үлкен экранынынан Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттің туы көрсетілді.
Қалада қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы артты.
Бүгін Ақорда мен Кремль бірқатар құжаттарды рәсімдейді. Іс-шарадан соң Тоқаев пен Путин БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат береді.

Бұған дейін Қазақстан президенті «Известия» газетіне сұхбат берген болатын.

Жан-жақты талқылаймыз деп жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясындағы байланыстардың аспектілерін де қарастырамыз. Әлемдегі ахуалдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасамыз», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ресей президентімен Астанада өтетін алдағы кездесудің күн тәртібі өте ауқымды. Біз екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелерін ж
Өз кезегінде Путин Астанаға сапары алдында «Казахстанская правда» басылымына сұхбат берді. Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасы жайлы айты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірден шынайы дос болып кеткенімізді, жақын қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Біз бір уақыттың адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы орта қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Үнемі байланыстамыз, әртүрлі форматтарда кездесеміз – екіжақты күн тәртібі бойынша да, көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша да. Мұндай байланыстар Ресей-Қазақстан ара-қатынасының деңгейін толық көрсетеді…» – деді Путин.

Бейсенбі күні Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласында өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысады.

Айта кету керек, биыл бұл жиын 19-шы рет өткізіледі. Іс-шараның тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың 8 айында 18,9 млрд долларды құрады. 2022 жылдың қорытындысында бұлкөрсеткіш 28,2 млрд доллар болған.
Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйып отырған ірі инвесторлардың бірі. Қазақстанға жинақталған Ресей инвестициясы шамамен 17 млрд долларға пара-пар.

Бұған дейін, Сәрсенбі Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен брифингте Әлібек Қуантыров Қостанайға Ресей президенті Владимир Путин келеді деп 13 млрд теңгеге (кейбір деректерге қарағанда 11,3 млрд теңге)салынған Smart орталықтың қараусыз қалмайтынын, ел игілігіне айналатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз