Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды

Жарияланды
Атырау қаласының экс-әкімі ұсталды / facebook.com/profile.php

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау облысы прокуратурасы Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты қала аумағындағы жерді заңсыз беруге қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы іс бойынша 9 қарашада Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды», – деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Атырау облыстық прокуратурасының дерегінше, 2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталған.

«09.11.2023ж. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы                  4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі К.К. Оразбаева ұсталды (Атырау қ. ПБ УҰИ-не қамауға алынды)», делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды. Қайрат Оранбаев 2020-2022 жылдары Атырау қаласын басқарды.

Қайрат Оразбаев «Құрмет» орденінің иегері. 2015 жылы «Атырау Жыл адамы» болып танылған.

Сондай-ақ оқыңыз