2023 жылдың II тоқсанында Freedom Holding Corp. кірісі $435,6 млн теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңдегі кірістен үш есеге жуық көп, былтырғы кіріс $180,1 болған.
Осы тоқсанда 142% немесе $255,5 млн түсімнің негізгі өзгерістеріне бірнеше фактор әсер еткен:
Холдингтің пайыздық кірістері 261%-ға немесе $154,1 млн-ға артты. Бірінші тоқсандағыдай, бұл бағалы қағаздар меншікті портфелінің, сондай-ақ, банк тарапынан берілген қарыздарының ұлғаюымен байланысты. Сонымен қатар, екінші тоқсанда брокердің клиенттері маржиналды несиелеу арқылы өз позицияларын қаржыландыра отырып, белсендірек сауда жасауды жалғастырды.
«Сатылымдағы бағалы қағаздарынан түскен таза пайда 464%-ға немесе $41,8 млн-ға ұлғайды. Есепті кезең ішінде Freedom Holding Corp. сатылымдағы бағалы қағаздары бойынша $41,1 млн мөлшеріндегі пайда түсті. Осы пайданың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің борыштық бағалы қағаздарын сату есебінен түсті. Сондай-ақ холдингтің 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес сатылмаған бағалы қағаздар бойынша позицияларға байланысты жүзеге асырылмаған таза пайдасы $9,7 млн болды. Бұл пайданың басым бөлігі жоғарыда аталған министрліктің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ борыштық бағалы қағаздарына тиесілі»-делінген холдинг таратқан хабарламада.
Сақтандыру қызметінен түскен кіріс бизнестің осы бағытының кеңеюіне байланысты 121%-ға немесе $31,8 млн-ға өскен.
Ақпаратқа сәйкес, комиссиялық кірістер 34%-ға немесе $28,5 млн-ға өсті. Бұл өсімге Paybox Technologies және оның еншілес компанияларда төлемдерді өңдеуден алынған табыс және төлем карталарына қызмет көрсету көлемінің ұлғаюы әсер еткен.
2024 жылдың екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. шығыстары 154%-ға немесе $182,6 млн-ға ұлғайды. Холдинг дерегінше, бұл өзгерістерге бірнеше фактор әсер еткен:
пайыздық шығыстардың $98,5 млн-ға немесе 241%-ға ұлғаюына осындай қаржыландыру көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО келісімдері арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша олардың ұлғаюы, сондай-ақ клиенттердің депозиттері бойынша пайыздық шығыстардың өсуі әсер етті;
Жалақы мен бонустарға жұмсалатын шығыстардың 22,8 млн немесе 132%-ға өсуі холдинг қызметінің кеңеюіне және тұтастай алғанда жалдау мен сатып алу есебінен жұмыс күшінің артуына әсер еткен.
Холдингтің таза пайдасы $115,4 млн-ға жетті. Акциялардың 58,5 млн данасы FRHC бір акциясына шаққандағы пайда $1,97 болған. Басқа жиынтық кіріс $10,3-тен $87,8 млн-ға дейін ұлғайған.
Холдингтің активтері 2023 жылдың 31 наурызымен салыстырғанда 40%-ға – $5,085 млн-нан $7,138 млн-ға дейін өскен. Міндеттемелер 44%-ға – $4,314 млн-нан $6,224 млн-ға дейін ұлғайған.2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша холдингтің брокерлік клиент шоттарының саны 434 мыңға жеткен.