«АрселорМиттал Теміртау» акционерлері компанияны 1,8 млрд долларға бағалап отыр

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы

ArcelorMittal қыркүйек айында өзінің қазақстандық еншілес компаниясы «АрселорМиттал Теміртауды» баланстық құны бойынша 1,8 млрд долларға бағалады. Бұл ақпарат үшінші тоқсанның қаржылық қорытындылары бойынша корпорацияның есебінде көрсетілген.

«2023 жылы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Теміртау активтерінің (болат және тау-кен өндіру) ағымдағы баланстық құны 1,8 млрд долларды құрайды», – делінген құжатта.

Есеп, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорынды 1995 жылы сатып алған сәттен бастап ArcelorMittal жарғылық капиталдағы бағамдық айырмадан шамамен 1,3 млрд доллар жоғалтқаны нақтыланған.

«2021 жылдың ерекше кезеңін қоспағанда, орташа EBITDA (салыққа дейінгі пайда, пайыздар және амортизация) – шамамен 0,3 миллиард доллар, EBITDA 2023 жылдың тоғыз айында кеміп отырды», – делінген хабарламада.

Есепке сүйенсек, 2013 жылдан 2022 жылға дейін АМТ-ның орташа жылдық шығындар 250 миллион долларды немесе корпорация шығындарының шамамен 8% құрады. 2022 жылы кәсіпорын 3,4 млн тонна болат өндірді. Оның саудаға шығарған тауар 3,1 млн тоннаға жетті. ArcelorMittal-дың Қазақстандағы еншілес компаниясында 33 мың штат бірлігін құраған.

Еске салайық, 28 қазанда түнгі сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасында тереңдігі 700 метрде өрт шығып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. 

Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, 46 азамат опат болды.

Бұл қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл білдірді. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Сонымен бірге мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына барып, қазақ тапқан кеншілерідің отбасымен кездесті. Бұл қайғылы оқиғадан соң, президент 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару туралы келісім жүргізіп жатқанын айтты. Кейіннен компания жұмысына инвесторлар тартылатыны туралы сөз қозғады

Сондай-ақ оқыңыз