Акционерлер шешімі: Fix Price Кипрден Қазақстанға қоныс аударып, AIX-те тіркеледі

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media

Fix Price Кипрден көшіп, Астана халықаралық қаржы орталығына тіркеледі. Бұл шешім 9 қарашада өткен акционерлердің кезектен тыс жиналысында қабылданған.

Компанияның хабарлауынша көшу жұмыстары 2024 жылдың ортасына қарай аяқталады.

«Қазақстан біз үшін ең ірі 3 нарықтың бірі, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша мұнда 262 дүкен ашылды және 1,6 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, Fix Price Group жақында ғана Астана қор биржасына шығарылды. Бұл факторлар Fix Price Group үшін Қазақстанның юрисдикциясын таңдауға негіз болып отыр», – делінген компанияның telegram-арнасындағы мәлімдемеде.

Компанияның хабарлауынша редомициляция дивидендтерді төлеуге байланысты кейбір қиындықтарды жоюға көмектеседі.

«Біз дивидендтер төлеу мәселесін жеңілдету мәселесі біз үшін маңызды. Ал «көшу» уақыты ұзаққа созылады. Бұл үрдіс 2024 жылдың екінші жартысынан ерте аяқталмайтынын анық», деп хабарлады компания.

Сонымен бірге компания болашақта Қазақстанда дүкендер желісінің қатары көбейетінін хабарлаған.

Fix Price Group компаниясы Кипр аралынан Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) редомициляция жүргізетіні туралы ақпараттан соң, компанияның Мәскеу биржасындағы қағаздарының құны өскен.

Бизнесін көшіру арқылы Fix Price Group Қазақстан заңнамасына сәйкес жаңа құрылтай шартын және компанияның жарғысын бекітуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шара барысында компания өз акционерлерінен директорлар кеңесінің мүшелерін және басқа лауазымды тұлғаларды тағайындауы керек. Сондай-ақ Кипр заңнамасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 тамызға дейінгі кезеңге жеке қаржылық есептілікті бекітуі қажет. 

Fix Price – төмен бағамен тауар сататын дүкендер операторы. Ресей Федерациясынан басқа компания 9 елде жұмыс істейді. Маусым айының соңында желіге 6 039 мың дүкен тиесілі болған. Оның ішінде 5 372 мыңы компанияның жеке меншігінде болса, 667-сі франчайзингтік дүкендер.

Сондай-ақ оқыңыз