Жаңалықтар

KASE-дегі сауда-саттық бір айда 8,2 пайыз төмендеді

Фото: kursiv.media

2023 жылдың қазан айында KASE-де сауда-саттықтың жиынтық көлемі 42,8 трлн теңгені құрап, қыркүйекке қатысты 8,2 %-ға немесе 3,8 трлн теңгеге төмендеді. Қазақстан қор биржасы 2023 жылдыңқазан айындағы биржа жұмысының қорытындысын ұсынды.

Сонымен қатар, қазан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,7 %-ға төмендеп, 4 035,12 тармақты құрады. Акциялар нарығын капиталдандыру 2,6 %-ға 26,3 трлн теңгеге дейін төмендеді. Сатылатын корпоративтік борыш көлемі 0,3 %-ға 13,8 трлн теңгеге дейін өсті.

1 қарашадағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 226 эмитенттің 622 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 685,3 мың дербес шоттары болды. қазан айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 5 906 жаңа дербес шоттарын тіркеді.

2023 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 26,3 трлн теңгені (55,7 млрд USD) құрады, бұл өткен айдың ұқсас көрсеткішінен 706,3 млрд теңгеге немесе 2,6%-ға төмен. Төмендеу негізінен индекстік акциялар бағасының өзгеруіне байланысты.

«Қазан айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 84 эмитенттің 99 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялар «Листингілік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. Есепті айда баламалы алаңның KASE ресми тізіміне «ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN» АҚ-ның жай және артықшылықты акциялары енгізілді. Қазан айында KASE ресми тізімінен эмитентінің бастамасы бойынша «First Heartland Securities» АҚ жай акциялары алынып тасталды»-делінген хабарламада.

KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы 26,3 трлн теңгені (55,8 млрд USD) құрады, қазан айында 3,2 %-ға немесе 821,2 млрд теңгеге өсті.

KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 456,8 млрд теңгені құрады және қыркүйекке қатысты 3,5 %-ға немесе 16,4 млрд теңгеге төмендеді. 2023 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 21,8 млрд теңгені (қайталама нарықта – 13,0 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 14 (қайталама нарықта – 10), бір мәміленің орташа көлемі – 1,6 млрд теңгені (қайталама нарықта – 1,3 млрд теңге) құрады.

Қазан айында туынды құралдар нарығында мәмілелер жасалмады. 1 қарашада туынды қаржы құралдар нарығында сауда-саттыққа қатысушылардың ашық позициялары болмады.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.