Фото: kursiv.media
Қазақстан мен Сан-Марино арасында визасыз режим болады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«2023 жылдың 28 қарашасында Сан-Марино қаласында Қазақстан Үкіметі және Сан-Марино Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.
«Құжатты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірлеп, оған Қазақстанның Сан-Маринодағы қоса атқарушы елшісі Ерболат Сембаев пен Сан-Мариноның Сыртқы істер, халықаралық-экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Бекхари қол қойды», – деді Айбек Смадияров.
Бұл шартқа сәйкес, жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар Қазақстан мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқада мақсаттағы бір реттік немесе бірнеше рет іссапарларға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.
Айта кетейік, 2023 жылдың 17 қарашасында Астанада футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчы өтеді.