Қазан айында тұрғын үй сату 6,1% азайды
Қазан айында тұрғын сату нарығында әдеттегідей Алматы қаласы көш бастап тұр. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда Түркістан облысында тұрғын үй сату нарығы 29%-ға өскен.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Павлодар – 14,8%, Семей – 12,1% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Семей (14%), Қызылорда (11,7%) қалалары бастап тұрса, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (26,3%), Көкшетау (20,6%), Қызылорда (20,2%) қалалары. Бұған қарамастан, тұрғын үй сату нарығында әдеттегідей Алматы қаласы көш бастап тұр.
2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Түркістан (+29,5%), Атырау (+8,9%) облыстарында және Шымкент (+4,8%) қаласында тіркелді. Ал бір ай ішінде Астана қаласында (-19,2%), сонымен қатар, Абай (-15%) және Шығыс Қазақстан (-11,9%) облыстары өсім көрсетті.
2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 6,1%-ға (1 631 мәмілеге) кеміді. Қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 24 952 мәміле жасалды, бұл – жалпы мәмілелер санының 75,7%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,2%), Алматы (21,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, қазан айында олар бойынша 9 481 мәміле ресімделген.
Биыл тамызда тіркелген тұрғын үй сату нарығындағы өсім сәл төмендеуді жалғастырып жатыр. Бірақ жыл басына қарағанда, келісімдер әлі жоғары деңгейде. Қаңтарда 21 557 келісім болса, тамызда 38 810 келісім болған. Ал қазанда келісім саны 32 975 болды.
2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, қазанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 9%-ға азайып (792 мәмілеге), 8 023-ты құрады. Теріс динамика, Астана (+10,5%) қаласын қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде тіркелген. Ұлытау облысында 33,3%-ға кему байқалады, бұл өңірлер арасында ең үлкен көрсеткіш.
Қазақстанда бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлерді сату 5,1% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағалары 5,3% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қазанда 3,4% төмендеді.