Алматы полицейлері ескертеді: қысқы дөңгелек салынбаған көліктің иесіне айыппұл салынады

Жарияланды
Алматы полициясы қысқы дөңгелекке ауысуды ескертеді / архив kursiv.media

Алматы полиция департаменті ескертеді: 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қала көшелерінде көліктер қысқы дөңгелек пен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Ол қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізуші анықталған жағдайда полиция қызметкерлері айыппұл салуға құқылы екенін ескертті.

Айыппұл көлемі. Мұндай бұзушылық үшін айыппұлдың ең төменгі мөлшері 5 АЕК құрайды, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай құқық бұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

«Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөліктердің барлығы қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашын басталғаннан кейін хаос басталады. Оның себебі – жүргізушілердің қыс мезгіліне дайын еместігінде», – дейді С. Әзірбек.

Салтанат Әзірбек, 1 қарашадан бастап полицейлер бұл бағытта профилактикалық жұмыстарды бастағанын мәлім етті.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Казгидромет Қазақстанның 16 облысында синоптикалық жағдай өзгеріп, тұрақсыз ауа-райы сақталуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Елдің таулы аймақтарында яғни шығысы мен оңтүстік шығыс бөлігінде қар араласқан жаңбыр соңы, көктайғаққа ұласады.

Сондай-ақ оқыңыз