Тұман, көктайғақ, дауыл: еліміздің 16 облысында ауа-райы бұзылады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстанның 16 облысында синоптикалық жағдай өзгеріп, тұрақсыз ауа-райы сақталуы мүмкін. Бұл жайлы Казгидромет хабарлады.

Елдің таулы аймақтарында яғни шығысы мен оңтүстік шығыс бөлігінде қар араласқан жаңбыр соңы, көктайғаққа ұласады.

Сонымен бірге солтүстікте де күн суып көктайғақ болатыны хабарланған. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жел соғады. Петропавл: түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және облыс орталығы – Қостанай қаласында тұман күтіледі. Облыстың батысында желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Қарағанды ​​облысының да орталығында көктайғақ күтіледі.

«Көбінесе атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батыс облыстарында антициклонның екпінімен басым жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген Казгидромет хабарламасында.

Ұлытау облысының шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және Жезқазған қаласына қалың тұман түседі. 13-15 қарашада оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында және Таразда да тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жел екпіні Атырау обылысының солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде қалың қар жауса, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Жел 15-20 м/с күшейеді. Сондай-ақ Алматы, Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Алакөл аумағында жел тұрып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде солтүстікте, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел соғады. Орал: түнде және таңертең тұман күтіледі, желдің екпіні 18 м/с.

Маңғыстау обылысында соққан желден шаң көтерілуі мүмкін. Батыс Қазақстан обылысынң орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Түркістан, Шымкент қалаларында тұман күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз