ҚМА: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2,1 млрд теңгесі жымқырылған

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2,1 млрд теңгесін жымқырған. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Олар өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды жалған сатып алу туралы құжат жасаған. Ал іс жүзінде ешқандай медициналық заттар алынбаған.

«ҚМА аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде. Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», делінген хабарламада.

Агенттік хабардауынша күдіктілер 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражатты ұрланған.

Ал бұл медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген.

Сондай-ақ оқыңыз