Жаңалықтар

Tesla Cybertruck тұтынушыларына бірінші жылы пикаптарын қайта сатуға тыйым салды

Tesla Сybertruck электр пикаптарын сатып алу туралы келісімшартқа иелеріне көлікті алғанннан кейінгі бірінші жыл ішінде сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Business Insider.

Бір жылдан аз уақыт ішінде оларды сатуды қажет ететін электропикап иелері компанияға хабарлауы керек. Егер Tesla ережелерден осындай ерекшелікті мақұлдаса, онда ол жүріп өткен миль үшін 25 центтік жеңілдікпен және басқа да бірқатар шарттармен автокөлікті сатып алуға бірінші кезектегі құқыққа ие болады, деп атап өтті MarketWatch.

«Егер Tesla сіздің көлігіңізді сатып алудан бас тартса, сіз оны Tesla – дан жазбаша келісім алғаннан кейін ғана үшінші тұлғаға қайта сата аласыз», – делінген келісімшартта.

Шарттар бұзылған жағдайда, Tesla сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырады және бұдан былай бұл клиентке көліктерді жеткізбеуі мүмкін.

Компания Сybertruck сатылымын 30 қарашада бастауға ниетті.

Футуристік дизайны бар электропикап алғаш рет 2019 жылы енгізілді. Содан кейін компания басшысы Илон Маск модель екі жыл ішінде өндіріске енгізілетінін айтты. 2023 жылдың шілдесінде Tesla Техастағы кәсіпорында алғашқы Cybertruck жиналғанын хабарлады.

Соңғы үш айда Tesla капитализациясы 6,7% – ға қысқарды (6 682 млрд дейін), ал Nasdaq Composite қор индексі 1% – ға өсті.