Жаңалықтар

Маркетплейс Ozon Өзбекстан нарығына енді

Фото:shutterstock

Маркетплейс Ozon Өзбекстаннан тұтынушылар үшін сатылым ашты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Тапсырысты рәсімдеу Өзбекстанның кез келген аймағында қолжетімді. Бірінші кезеңде сатып алушылар тапсырыстарды Өзбекстанның арнайы пункттері мен пошта бөлімшелерінен ала алады. Жеткізудің орташа мерзімі-12 күн.

«Ozon 2024 жылы елде өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр. Оның ішінде логистика мен жеткізу қызметі бар. Сондай – ақ, компания брендтелген тапсырыстарды қабылдау және беру пункттерінің франшизалық желісін белсенді дамытуды жоспарлап отыр», – деп хабарлады компания.

Ozon ТМД-да бизнесті 2021 жылдан бастап дамытып келеді, компанияның Арменияда, Беларуссияда, Қазақстанда және Қырғызстанда өзіндік логистикалық инфрақұрылымы бар.