Бишімбаев мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жары Салтанат Нукенова қайтыс болған Гастро орталықтың директоры 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана полиция департаменті хабарлады.

BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», – делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 432-бабымен Қылмысты жасырды деген күдікке ілінген азаматтың ісі әлі тергеліп жатыр. Полиция «тергеу мүддесі үшін» өзге ақпарат таратпай отыр.

Астана қалалық полиция департаменті Салтанат Нукенованың өліміне қатысты «Гастро орталық» басшысын қамауға алғаны белгілі болған.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада кешке қарай экс-министр Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растады.

2018 жылы сотталған Қуандық Бишімбаев қандай жағдайда босап шыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз