Жаңалықтар

Энергетика министрлігі Қазақстанда үш ЖЭО-ң құрылысына ресейлік «Интер РАО» компаниясы атсалысатынын растады

Фото: freepik

Энергетика министрлігі ресейлік Интер РАО-ның Қазақстандағы 3 ЖЭО құрылысына қатысатыны туралы ақпаратты растады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Семей, Өскемен және Көшетау қалаларындағы жобаларды жүзеге асыру үшін, ресейлік «Интер РАО – Экспорт» компаниясымен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

«Семей қаласында ЖЭО-3 құрылысы» жобасы қазіргі уақытта ТЭН әзірлеу сатысында тұр. Оның сметалық құны мен техникалық параметрлері әлі белгісіз. ЖЭО жобасы жыл соңына дейін дайын болуы тиіс.

«Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы жобасы бойынша қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме бар, оған сәйкес жобаның сметалық құны 389 млрд теңгені құрайды. Жеке инвесторларды тарту мақсатында тендер өткізу арқылы Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысын іске асыру әрекеттері жүзеге асырылған болатын. Алайда тендерлер (а.ж. 4-31 қаңтар және А. Ж. 13 ақпан мен 15 наурыз аралығында) өтінімдердің болмауына байланысты өткізілмеген», – делінген хабарламада.

Өскемен қаласындағы «ЖЭО-2 салу» жобасына Ертіс өзенінің сол жақ жағалау бөлігін 100% орталықтандыруға, ал оң жағалау бөлігіне қатты отын негізгінде қарастыру жоспарланған. Толық жоба келесі жылы дайындалатын болады.

Айта кетейік, жоспардағы Көкшетау ЖЭО қуаттылығы 240 МВт, Семей ЖЭО қуаттылығы 360 МВт, Өскемен ЖЭО қуаттылығы 560 МВт болуы тиіс. Осыған дейін бұл ЖЭО құрылысына ресейлік «Интер РАО – Экспорт» компаниясы қатысатыны жарияланған.