«Ақтөбе-Қостанай» магистральді газ құбыры: жобалау жұмыстары 2024 жылы аяқталады

Жарияланды
Қостанай облысындағы елді мекендердің тек 28%-ы орталық газбен қамтамасыз етілген. Фото: kursiv.media

«Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбырын жобалау 2024 жылдың I тоқсанында аяқталады. Бұл жайлы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысын одан әрі газдандыру және ірі өнеркәсіптік объектілерді газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбырының құрылысын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баспасөх қызметінің мәліметінше, «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2024 жылдың 1-тоқсанында аяқтау жоспарымен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріскен.

«Жоба бойынша ұзындығы 600 км-ден астам газ құбыры және КС-14 базасында компрессорлық станцияларды салу көзделіп отыр. Жобаның құны техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу қорытындылары бойынша айқындалады. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу шеңберінде газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру үшін жобаланатын газ құбырын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырымен қоршау мүмкіндіктері зерделеніп жатыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған дейін Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры салынатыны хабарланған. Бұл жоба елді мекендерді де, оған қоса көп отын көлемін қажет ететін ірі инвестициялық аумақты газдандыруға да мүмкіндік береді. Сол кезден бастап Энергетика министрлігі «QazagGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, бірден техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріскен болатын.

Айта кету керек, Қостанай облысында ауылдық елді мекендердің тек 28%-ы орталық газбен қамтамасыз етілген. 

Сондай-ақ оқыңыз