Сот қаңтар оқиғасы кезінде төрт жасар қызды атқан әскери қызметкерді ақтады
Жарияланды
(жаңартылды )
Алматы гарнизоны әскери соты 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде төрт жасар Айкөркем Мелдеханның қаза болуы туралы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
15 қарашада Алматы гарнизоны әскери соты Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтады.
Ол қару қолдану арқылы билігін асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған және екі адамның денсаулығына зақым келтірді деген айыппен сотқа тартылған болатын.
Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Жұманды тағылған айып бойынша кінәлі деп танып 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады,-делінген хабарламада.
Прокурор үкімнің күшін жою жөнінде апелляциялық шағым түсіреді.