«Бағам тұрақты болуы керек» – Ұлттық экономика министрі теңгенің болашағы туралы айтып берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров теңге бағамына қатысты пікір білдіріп, келер жылы ұлттық валюта тұрақты боларына сенімді екенін айтты.
Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген министр қазір 480 теңге болып тұрған курстыңбағамның неліктен келер жылғы республикалық бюджетті құру жоспарында 460 теңге болып тұрғанына түсініктеме берді. Ол Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылы бағам орташа есеппен 469 теңге болғанын айтты.
«Біз курс тұрақты болады деп күтеміз. Егер жыл бойынша орташа есепті алсақ, ол ең жоғарғы курспен тең емес. Былтыр курс 500 теңгеге дейін көтерілген, бірақ біз оның төмендейтінін бірден айтқанбыз. Қазір де тура солай болып тұр. Бізде теңге курсы еркін айналымда. Бюджет мақсаттары үшін курсты конвервативті деңгейде тұрғандықтан, инвесторлар мен халыққа курстың тұрақты болатыны туралы айтып келеміз», – деді министр.
KASE-де 14 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы құны 463,37 теңге. 13 қарашамен салыстырғанда, доллар 2,13 теңгеге, яғни 0,5% төмендеді. Доллар бағамы тамыз айында 479,55 теңгеге дейін көтерілген, бірақ кейін теңге жағдайы жақсара түсті.