Жапондық Nippon paint холдингі Alina group компаниясының 75% акциясын сатып алды
Фото: alina.kz
Жапонның ірі бояу холдингі Nippon Paint қазақстандық Alina Group компаниясының 75 пайыз акциясын сатып алды. Тараптар келісімге 11 қарашада қол қойған.
Компания сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Alina Group иелері халықаралық стратегиялық инвестор тартуға шешім қабылдаған.
Осы стратегиялық келісімнің арқасында Alina Group жаңа нарыққа шығу, сатып алу шығынды оңтайландыру, қосымша қаржы көзін тарту және жаңа технологияны енгізуді жоспарлап отыр.
Бас кеңсесі Жапонияда орналасқан Nippon Paint Holdings Co., Ltd. – бояу және лак өнімдерін шығаратын әлемдегі ірі өндіруші дистрибьютордың бірі. Қазіргі кезде Nippon Paint құрылыс индустриясы, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммерциялық, автомобиль және теңіз жабындарын, бояулар мен жабын ұсынады. Компания өнімдері Жапония, Азия, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка және басқа елдердің нарығында таралған.
1989 жылы негізі қаланған Alina Group – AlinEX, Alina Paint, Nashi, Norma, Decorex брендтерін ұсынатын, Орталық Азия мен Ресейде шикізат өндіру, өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және сатумен айналысатын көп салалы өнеркәсіптік топ. Forbes Kazakhstan дерегі бойынша, елдегі ең ірі 50 жеке компанияның қатарына кіреді. 2022 жылғы түсімі 5,5 млрд теңге болған. Жалғыз иесі – Ерлік Балфанбаев (Forbes Kazakhstan-ның ең бай бизнесмендер рейтингінде 43-орында тұр).