АҚШ-ты рецессия күтіп тұр ма, Pepsi компаниясына қарсы істің мәні қандай?
Канзас-Ситидегі ФРБ-ның бұрынғы президенті Томас Хоениг жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерге қарамастан, АҚШ-ты әлі рецессия күтіп түруы мүмкін деп тұжырымдайды. Goldman Sachs-тің 2024 жылғы акциялар өсіміне қатысты болжамында да пессимизм басым: ол орта кірістіліктен төмен болуы ықтимал. Осы және өзге де тақырыптарды әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыздар.
АҚШ-қа әлі де рецессия қаупі төніп тұр
Канзас-Ситидегі Федералды резерв банкінің бұрынғы президенті және бас директоры Томас Хоениг Америка Құрама Штаттарында әлі де рецессия болуы мүмкін деп санайды. Десе де АҚШ-ты «өте үлкен күтпеген инфляция» тосып тұрса ғана, ФРЖ мөлшерлемені көтеруі мүмкін» деп келтіреді FOX Business басылымы.
Байден-Си кездесуі дүниежүзілік соғыстың алдын алуға көмектесуі мүмкін
Market Watch сайты екі державаның Тайвань үшін болуы ықтимал соғыс салдарын бағамдап көрген. Басылымның мәліметінше, егер соғыс болса, АҚШ-тың ай сайынғы шығыны 15 мың адамға дейін жетеді. Ол жаһандық экономиканы күйретіп, Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарын жойқын жаһандық қақтығысқа алып келуі мүмкін.
Тайваньның SMH компаниясының жетілдірілген жартылай өткізгіш материалдарын жеткізу тізбегіндегі рөліне байланысты, соғыс компьютерлік чиптерге негізделген автомобильдер секілді нарықтарға кері әсер етеді. Джо Байден мен Си Цзиньпиннің кездесуі қақтығыстың алдын алуға тиіс.
Байден мен Си соңғы рет Индонезияда шамамен бір жыл бұрын кездескен. Бұл кезде тараптардың ойы бір жерден шықпай, Байден Қытай басшысын Тайваньға басып кіруден сақтандырған. «Си Цзиньпин кездесуінің шынайы құндылығы – АҚШ әкімшілігінің онымен тікелей қарым-қатынас жасау және оның қалай ойлайтынын, қандай ақпарат алатынын жақсырақ түсінуге тырысу қабілетінде», – деп атап өтті басылым сарапшылары.
Goldman Sachs 2024 жылы акциялар өсімі шектеулі болады деген болжам жасап отыр
Биыл акциялардың жылдам өсімі (S&P 500 индексі 17%-дан астам өсті) 2024 жылғы орташа көрсеткіштің өсуіне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Yahoo Finance Goldman Sachs стратегтерінің пікіріне сілтеме жасай отырып.
Инвестициялық банк S&P 500 2024 жылы 4,700 деңгейінде жабылады деп күтеді. Бұл – ағымдағы деңгейден шамамен 5% жоғары.
Goldman болжауынша, 2024 жылы Үлкен жетілік (АҚШ-тың жетекші технологиялық компаниялары) S&P 500-дегі қалған 493 акциядан тағы да асып түседі.
Нью-Йорк бас прокуроры Pepsi компаниясын сотқа берді
Нью-Йорктің бас прокуроры Летитиа Джеймс сәрсенбіде PepsiCo-ны сотқа беріп, компания қоршаған ортаға қауіп төндірді және бір рет қолданылатын пластиктерді алып тастайтынын жариялау арқылы жұртшылықты адастырды деп айыптады. «Буффало өзені Pepsi бөтелкелеріне толы», – деп жазады NYT. Прокурор келтірілген шығынды өтеуді және ластанған өзендерді тазалауды талап етіп отыр..
«Бүкіл Нью-Йорк тұрғындарының таза су алуға құқығы бар, бірақ PepsiCo-ның бөтелкелері мен маркетингі Буффалоның суына, қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қауіп төндіреді», –делінген прокурор мәлімдемесінде.
PepsiCo 2025 жылға қарай өзінің барлық қаптамаларын «қайта өңдеуге жарамды, биологиялық ыдырайтын немесе қайта пайдалануға болатын» етіп жасауға уәде берді. Сондай-ақ 2020 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай таза пластик өндірісін 50%-ға қысқартатыны айтылған. Бірақ адвокат Джеймстің кеңсесі компания бұл экологиялық бағдарламаны жүзеге асырмайды деп тұжырымдайды.
Қысқа-нұсқа
- Қытайда электр энергиясын тұтыну қазан айында бір жылмен салыстырғанда 8,4%-ға өсіп, 741,9 млрд кВт/сағ құрады, деп хабарлады Мемлекеттік энергетика әкімшілігі.
- АҚШ-тағы өндіруші бағасы (PPI индексі) қазан айында өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға төмендеді. Бұл туралы елдің Еңбек министрлігі хабарлаған.
- ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева қолма-қол ақшаны пайдалану қымбатқа түсетін елдердегі Орталық банктердің цифрлық валюталары қағаз ақшаны алмастыра алатынын мәлімдеді.