ERG «АрселорМиттал Теміртауды» сатып алуды жоспарлап отырған жоқ
ERG «АрселорМиттал Теміртауды» сатып алуды әзірге жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ERG құрамына кіретін «Еуразиялық топ» компаниясының төрағасы Серік Шахажанов айтты.
Журналистердің «Еуразиялық топ» «АрселорМиттар Теміртаудың» акционері болуды жоспарлай ма деген сұрағына: «Әзірге жоқ», – деп жауап берді Шахажанов.
Шахажанова «Қазақстан қамту 2.0» форумы аясында журналистер сұрағына жауап беріп, ERG-дің өз бизнесін дамытуды жоспарлап отырғанын айтты.
«Бұл менеджерлер кеңесіне қойылатын сұрақ. Бірақ біз қазір өзіміздің өндіріс орындарымызды дамытуды жоспарлап отырмыз. Біз қазір ERG-дің өз бизнесіне мән беруді жөн көреміз», – деп толықтырды.
Айта кетейік, темір, алюминий және феррохром өндіретін ERG компаниясының тауарларын «АрселорМитталға Теміртау» сатып алып, өз өндірісінде қолданып келеді.
Еске салайық, 28 қазанда түнгі сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасында тереңдігі 700 метрде өрт шығып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды.
Бұл қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл білдірді және үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару туралы келісім жүргізіп жатқанын айтты. Кейіннен компания жұмысына инвесторлар тартылатыны туралы сөз қозғады.
Айта кету керек, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ERG) – Қаржы министрлігіне (40%) және Александр Машкевич пен Алижан Ибрагимовтың отбасына (әрқайсысы 20,7%), сондай-ақ Патох Шодиевке (18,6%) тиесілі.