ACWA Power компаниясы Жоңғар қақпасында салып беретін жел станциясы 2029 жыл іске қосылады
Фото: kursiv.media
Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу өңірінде салатын жел электр станциясы 2029 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараптар Жетісу облысындағы Жоңғар қақпасы аумағында салынатын қуаты 1 ГВт жел электр стансасын іске қосу уақыты 2029жыл деп бекітті», – делінген қор басшысы мен ACWA Power өкілдерінің кездесуінің қорытындысында.
«Самұрық-Қазына» Жоңғар қақпасы аймағында ЖЭС салынатынын «Самұрық-Қазына» қоры биыл жазда хабарлаған.
Астанада өткен халықаралық форум аясында Самұрық-Қазына, ҚР Энергетика министрлігі, Жетісу облысы әкімдігі және ACWA power компаниясының басшылығы ЖЭС жобасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар мен мерзімін айқындайтын жоспарға қол қойған.
Аталмыш құжат – Мемлекет басшысының 2022 жылы Джедда қаласына барған сапары мен биыл Сауд Арабиясында қол қойылған Қағидаттар туралы келісімнің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы.
Келісімге сәйкес, жел станциясының құрылысы 2025 жылы басталуы тиіс.
ACWA Power – жаңартылатын энергия көздері, атап айтқанда, электр энергиясы мен тұщыландырылған су өндірісі бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компанияның энергетикалық портфеліне 12 елдегі 77 актив кіреді. Жобалардың жиынтық қуаты 50,4 ГВт электр энергиясынан асады, ал компанияның жобаларға инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 78,2 млрд долларды құрайды.
14 қарашада Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған Сонда премьер-министр әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімдерді әзірлеуді тапсырды.