Фото: shutterstock.com
Жыл аяғына қарай сауда алаңдары алдағы жаңа жылдық сатылым маусымына дайындалыр жатыр. Алайда Deloitte компаниясының есебіне сәйкес, биыл бөлшек сауда өсімі шамалы болады деген болжам бар: былтырғы мерекелік маусыммен салыстырғанда өсім 3,5%-дан 4,6%-ға дейін жетпек.
Болжам бойынша, 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы қаңтар аралығын қамтитын мерекелік сауда-саттық кезеңінде жалпы сатылым көлемі 1,54- 1,56 трлн теңгені құрайды. Былтыріы жылмен салыстырғанда бірқалыпты өсу траекториясы байқалады, ол кезде 7,6%-ға, $1,49 трлн-ға дейін айтарлықтай өскен.
Ал электронды коммерциядағы сауда-саттық өсімі жылдық есепте 10,3% -дан 12,8%-ға дейін өсуі ықтимал. Яғни, мереке күндері сауда-саттық көлемі $278 млрд-тан $284 млрд-қа дейін жетуі мүмкін. E-commerce-те бенсенділіктің артуы тұтынушылар мінез-құлқының өзгеруімен байланысты.
Бұдан бөлек, мереке маусымында электрондық коммерцияның өсуі – тұтынушылардың өз бюджетін оңтайландыру үшін тиімді ұсыныс іздеуімен түсіндіріледі. Инфляция бәсеңдегеніне қарамастан, тауар бағасына әсер еткені анық. Сондықтан тұтынушылар қалтаға қолайлы баға іздейді.
Осылайша сатып алушылардың назары маркетплейстерге ауып, онда электрондық коммерция алыптары мерекелік бәсекеге дайындалады. Экономикалық өсім, тұтынушылық күту мен бөлшек сауда ландшафтының өзгеруі аясында онлайн-сауда компанияларға да, инвесторларға да үлкен мүмкіндіктер есігін ашады. Осы ретте Freedom Finance Global талдаушысы Елдар Шакенов акцияларына назар аударуға тұрарлық компаниялар тізімін ұсынады.
Amazon.com, Inc. (AMZN) – $173 деңгейіндегі орта бағаға 18% апсайд
Amazon – түрлі тауар мен қызмет ассортиментін ұсынатын электрондық коммерцияның әлемдік алпауыты. Бұдан бөлек, компания бұлтты сервис (Amazon Web Services) және инновациялық технологиялар саласында белсенді, бұл оны цифрлық кеңістіктегі маңызды қатысушыға айналдырады.
Инвестициялық тезистер:
- Мереке маусымында электрондық коммерцияның өсуі: Электрондық коммерция өсімі тұрақты кезеңде Amazon акциялары тартымды инвестиция болып тұр.
- Онлайн-ритейлдегі үстемдік: Amazon компаниясы өз позициясын нығайта отырып, мерекелік кезеңде онлайн-сұраныстың өсуін пайдалана алады, бұл кіріс пен табыстың қосымша өсуіне ықпал етеді.
- Amazon Prime танымалдылығы: Инвесторлар жылдам жеткізу және эксклюзивті контентке қол жеткізу сияқты артықшылығы бар Amazon Prime жазылушыларынан тұрақты табыс көзін тарта алады. Мереке маусымында жазылушылар қатарының артуы акциялар кірісі мен құнының өсуін қолдайды.
- Ішкі инновацияларды дамыту: Amazon жасанды интеллект және дауыстық құрылғылар сияқты инновациялық технологияларға инвестиция салуды жалғастырып жатыр, бұл қосымша түсімнің өсуіне алып келуі мүмкін.
Shopify Inc. (SHOP) – $75 деңгейіндегі орта бағаға 14% апсайд
Shopify – интернет-дүкен құру және басқару үшін қарапайым платформа ұсынатын электрондық коммерциядағы көшбасшы. Шағын және орта бизнеске назар аудара отырып, Shopify табысты онлайн-қатысу үшін ыңғайлы құралдарды ұсынады.
Инвестициялық тезистер:
- Электрондық коммерцияның серпінді өсуі: Shopify Inc. – онлайн-саудаға арналған платформалар саласындағы басты ойыншы. Электрондық коммерцияның тұрақты өсуі Shopify акцияларына инвестициялық қызығушылық тудырады.
- Shopify платформа ретінде танымалдығы: Онлайн кеңістікке көшуге ұмтылған шағын және орта кәсіпорындар санының артуы аясында Shopify платформасының интернет-дүкен құру және басқару құралы ретінде танымалдығы жоғары болып тұр.
- Инновациялар және қызметтерді кеңейту: Shopify технологиялық инновацияларға инвестиция салады. Жаңа функциялар мен қызметтерді дамыту, әсіресе, белсенді мерекелік сатып алу кезеңінде клиенттерді көбірек тартуы мүмкін, бұл өз кезегінде акциялардың өсуін қолдай алады.
- Платформаның икемділігі мен бейімділігі: Shopify түрлі бизнес-модельдер үшін икемді шешімдер ұсынады. Клиенттердің әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу қабілеті, әсіресе, мерекелік сату кезеңінде компанияның тұрақты өсуін қамтамасыз ете алады.
MercadoLibre, Inc. (MELI) – $1677 деңгейіндегі орта нысаналы бағаға 17% апсайд
Кейде «Латын Америка Амазоны» деп аталатын MercadoLibre – электрондық коммерция және финтех саласындағы танымал компания. Ол онлайн сауда алаңдарын басқарады және Латын Америкадағы сатып алушылар мен сатушылар үшін жан-жақты цифрлық экожүйе құра отырып, қаржылық қызмет көрсетеді.
Инвестициялық тезистер:
- Латын Америкадағы көшбасшы: MercadoLibre, Inc. аймақтағы электрондық коммерцияның тұрақты өсімі акциялардың тартымдылығын арттырады.
- Сервистердің экожүйесін кеңейту: MercadoLibre онлайн-сауда платформасын, қаржылық қызмет пен логистиканы қоса алғанда, өз экожүйесін табысты кеңейтіп келеді. Бұл әртараптандырылған тәсіл компанияны мереке маусымында да қолдай алады.
- Белсенді пайдаланушылар санының өсуі: MercadoLibre платформасында белсенді пайдаланушылар санының артуымен мереке қарсаңында компания сатылымы артуы мүмкін.
- Қаржы саласындағы инновациялық шешімдер: MercadoLibre төлем мен несие беруді қоса алғанда, өзінің қаржы сервистерін белсенді дамытып жатыр. Тұтынушы белсенділігі артатын мереке маусымында инновациялық қаржы шешімдері көп клиенттерді тартып, акциялардың өсуіне ықпал етуі мүмкін.
Alibaba Group Holding Limited (BABA) – инвестициялық банктердің $100 деңгейіндегі нысаналы бағасына 19% апсайд
Электрондық коммерциядағы, бұлтты есеп және цифрлық медиадағы қытай конгломераты. Alibaba тек Қытайда ғана емес, одан тыс жерлерде де цифрлық ландшафт қалыптастыруда басты рөл атқарады.
Инвестициялық тезистер:
- Қытайдағы электрондық коммерция нарығындағы үстемдік: Alibaba қытайлық электрондық коммерция сегментінде жетекші орынды ұстап тұруды жалғастыруда. Онлайн-сатып алуға қызығушылық артып келеді, әсіресе, мерекелік маусымда BABA акциялары тұрақты өсу әлеуетін көрсетуде.
- Технологиялық бағыттарды кеңейту: Alibaba жасанды интеллекті, бұлтты есептеу мен үлкен деректерді қоса алғанда, технологиялық инновацияларға белсенді инвестиция салады. Алдыңғы қатарлы технологиялардағы бұл стратегиялық фокус компанияға электрондық коммерция саласындағы бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ Alibaba-ның әлемдік нарықтағы технологиялық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайта отырып, түрлі салалардағы өсімді ынталандыра алады.
- Жасанды интеллекті бөлшек сауда тәжірибесіне кіріктіру: Персонализация мен жақсартылған сатып алу ұсыныстары басты рөл атқаратын мерекелік маусымда жасанды интеллектке бұл фокус онлайн-сатып алушылардың ұлғаюын тарта отырып, компанияның өсуін қолдай алады.
- Ірі брендтермен және бөлшек сауда желілерімен табысты серіктестік: Alibaba компанияның мереке маусымында ұстанымын күшейтуі мүмкін ірі брендтермен және бөлшек сауда желілерімен стратегиялық серіктестікті белсенді түрде құруда.
PDD Holdings Inc. (PDD) – $125 деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға 13% апсайд
Бұл әлеуметтік коммерцияға инновациялық көзқарасы бар қытайлық электрондық коммерциялық платформа. Әлеуметтік өзара іс-қимылды сатып алу процесіне кіріктіре отырып, ол ауылдық жерлер мен дамушы нарықтарды қоса алғанда, әртүрлі аудиторияға шоғырланған топтық сатып алу және интерактивті функциялар арқылы пайдаланушыларды тартады.
Инвестициялық тезистер:
- Пайдаланушылық базаның экспоненциалдық өсуі: PDD пайдаланушылық базаның ұлғаюымен, әсіресе мерекелік маусым кезеңінде компанияның акциялары сату көлемінің ұлғаюын күтетін инвесторлар үшін тартымды бола алады.
- Әлеуметтік коммерция саласындағы инновациялар: PDD әлеуметтік коммерция элементтерін өз платформасына сәтті кіріктірді, бұл өсімнің негізгі драйверіне айналды. Әлеуметтік өзара іс-қимыл белсенді болған мереке маусымында бұл инновациялық стратегия пайдаланушылардың ашықтығы мен транзакциялар көлемінің ұлғаюына ықпал етуі мүмкін.
- Ауылдық жерлерде және жаңа өңірлерде фокус: осы салаларда онлайн-саудаға қолжетімділіктің артуымен компания клиенттік базаның ұлғаюын және сату көлемінің өсуін, әсіресе мереке кезеңдерінде өсуін күтуі мүмкін.
- Стратегиялық серіктестік және ұжымдық сатып алу: PDD ұжымдық сатып алу және стратегиялық серіктестік стратегияларын пайдаланады. Мереке маусымында бұл тәсілдер қосымша сатып алуды ынталандырып, акциялардың өсуін қамтамасыз ете отырып, тұтынушылардың назарын аударуы мүмкін.