Жаңалықтар

«Тұрақты»: Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін растады

Fitch агенттігінің Қазақстанға қатысты болжамы қандай? Фото: Shutterstock

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды фактор – тұрақты фискалды саясат және сыртқы күйзелістерге төзімділігін дәлелдеген сыртқы резерві болып отыр.

«Сарапшылардың пайымынша, жаңа бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттырады. Оған қоса экономиканы әртараптандыру және экспорт бағытын көбейту ел дамуына оң әсерін тигізеді», – делінген хабарламада.

Fitch Қазақстандағы экономикалық өсім тұрақты болады деген пікірде. Агенттік инвестициялардың артуына байланысты ЖІӨ өсімін 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% деңгейінде болжайды.

Агенттіктің сарапшылары сондай-ақ Қазақстандағы инфляция мен доллардан арылу процесін, сондай-ақ екінші реттік санкциялар тәуекелі төмен екенін атап өткен.

Мамын айындағы болжамында да агенттік Қазақстанның рейтингін  «BBB» деңгейінде растаған болатын.

Қыркүйек айында Fitch Ratings биылғы жаһандық ЖІӨ болжамын 2,5 пайызға көтерді