Фото: kursiv.media
Бас прокуратура Olimp.kz букмекер кеңсесіне байланысты қылмыстық іске қатысы бар тағы бір күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадициялады. Оған қылмыстық топ құрамында ойын бизнесі саласында қылмыс жасады деген айып тағылған. Мемлекетке келтірген шығыны – 86,7 млрд теңге. Кінәсі дәлелденсе, күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Бүгін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Интерполдың көмегімен Германия Федеративтік Республикасынан «Olimp.kz букмекерлік кеңсенің» қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның азаматшасы Д-ны экстрадициялады», – делінген Бас покуратура хабарламасында.
Ол 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойынын өткізіп, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтарып, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқаны үшін күдікке ілінген.
Осы құқыққа қайшы әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланған күдікті Германия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамауда.
Olimp.kz кеңсесіне қатысты қылмыстық іс 2019 жылдың желтоқсанында қозғалған. Оның басшылығына құмар ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырды деген айып тағылды. Ал 2020 жылдың қаңтарынан букмекерлік кеңсе ставка қабылдауды тоқтатты.
Бұған дейін есірткі ісі бойынша іздеуде жүрген тағы бір Қазақстан азаматы Германиядан елге жеткізілген болатын.
2014 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркиядан Қазақстанда жеткізілді. Оған 1 млрд теңге жымқырды деген айып тағылған.