Фото: primeminister.kz
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар күре жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, туристік нысандарға жол инфрақұрылымын тарту мәселесі де талқыланған. Сонымен қатар Премьер-министр Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл мен Қатонқарағай аудардарын қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, өңірдің суармалы жерлеріндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері қаралған.
Премьер-Министрдың айтуынша, жалпы республика бойынша көптеген су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан бұл жұмысты кезең кезеңімен жүргізу керек.
«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Марқакөл және Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, тапсырмалардың барлығын уақтылы әрі сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет», — деді Үкімет басшысы.
Бұқтырма су қоймасындағы көпірдің құрылысы 2020 жылы басталған. Об биыл пайдалануға берілуі тиіс еді. ШҚО-ның шалғайда жатқан аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын Күршім көпірінің сметасы 2017 жылы жасалып, оған кеткен қаражат 32 млрд теңгеден асқан болатын.
Бұқтырма су қоймасы еліміздегі 102 нысанмен бірге Қазақстанның туристік қартасына енген.
2022 жылы шығыста Абай облысы құрылғаннан кейін, Шығыс Қазақстан облысы құрамында облыстық маңызы бар Өскемен және Риддер қаласы және Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар (Көкпектіден бөлінеді), Тарбағатай (Ақсуат құрамында болмайды), Ұлан, Шемонаиха аудандары қалды.
Биыл Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аудан мәртебесінен айырылған Қатонқарағай мен Марқакөл, Мақаншы ауданды қайта құрылатынын мәлімдеді. Бұл аудандар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 23 мамырдағы пәрменімен жабылып қалған еді.