Түрік компаниясы Шымкентте құны 650 млн доллар болатын жылыжай салады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Түрік компаниясы Шымкентте құны $650 млн жылыжай салатын болды
Түрік компаниясы Шымкентте құны $650 млн жылыжай салатын болды / Shutterstock

Түркияның Alarko Holding компаниясы Шымкент қаласы аумағында құны $650 млн болатын жылыжай кешенін салатын болды. Тараптар Астанада өткен VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел аясында келісімге қол қойды.

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, түрік бизнес өкілдері қаладағы екі ірі жобаға жалпы сомасы $662 млн көлемінде қаржы жұмсауды жоспарлаған. Оның $650 млн қала аумағында жылыжай кешенін салуға жоспарланған. Аумағы 500 га болатын жобаға Түркияның Alarko Holding компаниясы қызығушылық танытқан. Бұл жоба 5 мың жаңа жұмыс орнын құрады деген жоспар бар.

Ал қалған $12 млн қаражат Шымкентте «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауыт салуға кетеді. Жобаның түріктің IŞIKLAR PACKAGING Ltd. Компаниясы өз мойнына алып отыр.

Айта кетейік, қазір тағы бір түркиялық компания YDA Group Алматы әуежайын кеңейту жұмыстарын атқарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз