Инвестициялар

Freedom Broker: KEGOC акцияларын «Сақтауды» ұсынамыз

Freedom Broker: KEGOC акцияларын «Сақтауды» ұсынамыз / KEGOC

Freedom Broker Kazakhstan KEGOC компаниясының 3 тоқсандағы есебінен кейін, оның акцияларын сатпай сақтай тұруды ұсынады.

«Компанияның 2023 жылы 3 тоқсандағы кірісі 13% өсті. Электр энергиясын тарату қызметтерінен түсетін қаржы 72% төмендеді. Бұл шығын 27,7 млрд теңге көлеміндегі Ұлттық электр желісін пайдалану қызметтері есебінен өтелді. Электр энергиясын бөлуден түскен табыс 43% төмендеді. Алайда жаңа қосылған энергияны диспетчерлеу бөлімінен 7,4 млрд теңге табыс түсті», – дейді брокерлер.

Сарапшылардың айтуынша, компанияның тоқсандық жалпы маржасы 2022 жылы 23,7% болса, 2023 жылы 19,1%-ға дейін төмендеді. Басты себеп электр энергиясын алу мен таратудағы технологиялық шығынның 155% өсуі болды. Сондай-ақ үшінші тоқсандағы қолма-қол ақша ағыны 2022 жылы 10,8 млрд теңге болса, 2023 жылы -12,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Дегенмен KEGOC таза маржасы төмендеген жоқ, бар болғаны 13%-дан 10%-ға түскен. Нәтижесінде компания үшінші тоқсанда 5,6 млрд теңге немесе бір акция үшін 20,4 теңге пайда түсірді.

Брокерлердің айтуынша, компания электр энергия саласындағы реформалар әсерінен түсімнің жылдық өсімін жақсартқан. Алайда электр энергиясының технологиялық шығыны екі жарым есе өсіп, тоқсандық жалпы маржа айтарлықтай төмендеткен. Сондай-ақ, өткен жылға қарағанда қолма-қол ақша ағыны күрт төмендеп, бұл таза қарыздың өсуіне әкелді. Осы маңызды өзгерістерге қарай отырып, біздегі KEGOC-тың бір акциясының құны 1 550 теңгеге жетті. Әлі де 4% өседі деген болжам бар. 

«Біз акцияны «Сақтауды» ұсынамыз», – дейді брокерлер.