Freedom Finance KASE алаңында «жасыл» облигацияларын орналастырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Freedom Finance Kase-де «жасыл» облигацияларды орналастырды / kursiv.media

Freedom Finance АҚ Black Biotechnology компаниясының соммасы 1,5 млрд теңге болатын үшжылдық «жасыл» облигацияларын KASE алаңына орналастырды. 

Freedom Finance мәліметіне сүйенсек, бұл бағалы қағаздар Green Investment Group-тан «Жоғары/Өте жақсы» деңгейіндегі баға алып, ESG-облигацияларға айналған. Айналымға шығарылған құнды қағаздар көлемі 2 млрд теңге. BBT облигациялары бойынша сыйақы жылдық 21,5% мөлшерлеме бойынша жылына екі рет төленеді. 

15,5% жылдық мөлшерлемені «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  субсидиялайды. Ал қалған 6% еркін эмитенттің өзі реттейді. Шығарылымның 75%-ын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» қайтарымсыз міндеттеме ретінде қабылдаған. Егер еркін эмитенттердің құқығы бұзылатын болса, олар облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алуды талап етуге құқылы.

Black Biotechnology компаниясы AL KARAL брендімен органикалық тыңайтқыш өнімдерін шығарады. Бұл өнімдерді елдегі ірі мал және өсімдік шаруашылығы кешендері қолданады. Компания облигацияларды орналастырып, одан келген қаражатты органикалық тыңайтқыштар мен жем-шөп өнімдерін шығаратын зауыт құрылысына жұмсауды жоспарлап отыр.

Осы жолы инвесторларға құны 1 млрд теңге болатын облигацияларды ұсынған. Инвесторлар болса, 1,5 млрд теңгеге 81 өтінім берді. Осылайша сұраныс ұсыныстан артып түсті. Аукцион қорытындысы бойынша облигациялардың 56% жеке тұлғаларға кетті. Мұның ішінде Freedom Broker клиенттерінің үлесі – 99,6% құрайды. 

«ESG-қаржыландыру құралдарының көмегімен елімізде инвестициялау мәдениеті өсіп келеді. Біз қор нарығында әлеуметтік жауапкершілігі бар құнды қағаздарға деген сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Осы өнімді қор нарығына шығару егін шаруашылығындағы тұрақтылыққа, қоршаған орта үшін қауіпсіз азық-түлік нарығының дамуына, көмір өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қайта өңдеуге әсер етеді», – Freedom Finance басқарма төрағасы Сергей Лукьянов.

«Black Biotechnology» облигацияларын сатып алған Freedom Broker клиенттерінің 63,9% ерлер, 36,1% әйелдер. Жас мөлшеріне қарай, 18-24 – 1,4%, 25-34 – 8,3%, 35-54 – 65,3%, 55 жастан жоғары – 25%.

Сондай-ақ оқыңыз