OpenAI компанияны басқаруға бұрынғы Twitch директоры Эммет Ширді шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
OpenAI компанияны басқаруға бұрынғы Twitch директоры Эммет Ширді шақырды / OpenAI

OpenAI Сэм Альтманды жұмыстан шығарып, Twitch-тің бұрынғы директоры Эммет Ширді компанияны басқаруға шақырып жатыр.

CNBC хабарлауынша, OpenAI басқару кеңесі компанияның директоры Сэм Альтманды жұмыстан шығарып, орнына уақытша Мира Муратиді қойған. Енді компания жаңа басшы іздеп, Twitch-тің бұрынғы директоры Эммет Ширге ұсыныс тастап жатқаны белгілі болған.

OpenAI басқару кеңесі «Сэм Альтман директор болған кезде басқару кеңесіне компания туралы ақпаратты ашық бермеді» деген кінә таққан. 

Сэм Альтман өзінің қызметтен шығарылуына қатысты пікір айтпаған. Тек X  желісінде (бұрынғы twitter) «Мен OpenAI командасын қатты жақсы көремін» деп жазған. 

Айта кетейік, 2022 жылы ChatGPT чат-ботын ұсынған OpenAI компаниясының басқа стартаптардан басты айырмашылығы. Ол бір адам ойлап тауып, бір адамға байланған компания емес. Компаниядағы негізгі шешімді Microsoft, Tiger Global, Thrive Capital және Sequoia Capitalсынды инвесторлар емес, олардан тәуелсіз басқарма кеңесі қабылдайды.

Компанияға 2019 жылы келген Сэм Альтман басқарушы менеджер ретінде ChatGPT чат-ботын танымал етіп, компанияның ғана емес, жасанды интеллект ұғымының бет-бейнесіне айналған. Ал Эммет Ширге келсек, 2023 жылы наурызда тікелей трансляциялар сервисі Twitch-тен өз еркімен жұмыстан кеткен. 

Осыған дейін OpenAI компанияның жалпы құны 86 миллиард доллар болатын акцияларын сату мәселесін талқылағанын жазған едік.

ChatGPT мен өзге де жасанды интеллект жобаларының қоғамға әсері жайлы маманмен сұқбаттасқан едік.

Сондай-ақ оқыңыз