Жаңалықтар

Еуропада газ қымбаттады: Хуситтер Қызыл теңізде жапон кемесін басып алды 

Еуропада газ қымбаттады: Хуситтер Қызыл теңізде жапон кемесін басып алды / Wikipedia

Хуситтер тобы Қызыл теңізде жапондық Galaxy Leader кемесін басып алып, осының нәтижесінде Еуропада табиғи газ бағасы өсіп кетті.

Bloomberg мәліметіне сүйенсек, Иран қолдап отырған хуситтер тобының  тасымалдаушы кемені басып алуы Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс салдарынан болған. Бұл оқиға мұнай-газ жеткізуге арналған маңызды теңіз жолдарына әсер ететін болады.

20 қарашада бенчмарттегі фьючерстер 6,9% өсіп, төрт күн бойы құлдыраудан айықты. Кемеден бөлек, мұнай-газ бағасының өсуіне осы аптада ОПЕК+ кездесуі де әсер етіп жатқан болуы мүмкін.

Сарапшылар Таяу шығыстағы қақтығыс ушығып кеткен жағдайда аймақтағы жанармай жеткізу жолдары өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Қатардан шығатын танкерлер, әдетте, Қызыл теңіз арқылы Еуропаға сұйытылған мұнай газын таситын еді. Былтыр Ресейден газ тасымалдау қысқарғаннан кейін, Еуропаның сұйытылған мұнай газы мен табиғи газ алу жолдары санаулы қалған. 

Айта кетейік, Galaxy Leader кемесін 19 қараша кешкі уақытта Ираннан қолдау тапқан хуситтер тобы басып алған. Бастапқы да олар Израиль кемесін басып алғандарын айтқан. Алайда кейінірек аталмыш кеме Британияда тіркеліп, Жапонияда жұмыс жасайтыны белгілі болған.

Хуситтер басып алған кеме Түркиядан Үндістанға жол тартқан. Кемеде 25 экипаж мүшесі болған. Онда Израиль азаматтары жоқ, Украина, Румыния, Филиппин, Мексика және Болгария азаттары бар. Кемені басып алған хуситтер оны Йемен жағалауына қарай бұрған.

Хуситтер – Йемен аумағында өмір сүретін қарулы топ. Осыған дейін олар Газа аумағына барып, Израильге қарсы соғысу туралы үгіт-насихат жүргізген.

7 қазан күні Газа аумағында билік құрып келе жатқан «Хамас» ұйымы Израильге шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан 1 400 адам қайтыс болған. Кейіннен Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.

БҰҰ мәліметінше, бір ай ішінде Израиль әскери операциясынан Газа аумағында 10 мыңға жуық адам қайтыс болған.