Тоқаев ҰҚШҰ сессиясына қатысу үшін Минскіге барады
Тоқаев ҰҚШҰ сессиясына қатысу үшін Минскіге барады / akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады», –деп жазылған сейсенбі күні таратылған хабарламады.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.
Ақорданың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, келесі күні, яғни 24 қараша күні Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады. Бұл бағдарламаға қатысушы-елдер: Ауғанстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан.
Еске саламыз, 25 қыркүйек күні Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығатыны жайлы тараған ақпаратты жоққа шығарды. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл жалған ақпарат деп мәлімдеді.
Биыл мамыр айынды Мәжіліс депутаттары «2007 жылдың 6 қазанындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Ал, маусым айында Жақында ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері ғарыш кеңістігінде қару-жарақ бәсекесінің алдын алу мәлімдемесін қабылдаған болатын.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт аясында өзге елдердің аумағында ешқандай әскери іс-қимылға қатыспайды деп мәлімдеді.