ХВҚ Қазақстан экономикасының өсу болжамын жақсартты  

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Business News бөлімінің аға тілшісі
Николя Бланше 2023 жылы Қазақстанда ЖІӨ-нің өсуі 4,8% болатынын мәлімдеді /reutersconnect.com

Таяу Шығыс пен Орталық Азия бойынша Халықаралық валюта қоры директорының орынбасары Николя Бланше 2023 жылы Қазақстанда ЖІӨ-нің өсуі 4,8% болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол 2023 жылғы IV бап (жыл сайынғы экономикалық шолу) және Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (ҚСББ) бойынша консультациялардың алдын ала қорытындыларына арналған брифингте айтты.

«Экономикалық белсенділік тұрғысынан алып қарайтын болсақ, биылғы жылы экономикалық өсу айтарлықтай тұрақты және жоғары болды, яғни келер айдың соңында өсу жалпы жыл бойынша 4,8% болады деп болжап отырмыз. Бұл барлық сектордың, оның ішінде мұнай және мұнай емес сектор жұмысының нәтижесінде қамтамасыз етілді», – деді.

Оның айтуынша, Украинадағы соғыстың әсері шамалы болды. Инфляция ақпан айындағы 21,3%-дан 11%-ға дейін төмендеді.   

ХВҚ өкілі 2024 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны бір сарынды болады деп болжайды. Тіпті көрсеткіштен биылғыға қарағанда төмендеуі де ықтымал. Сарапшылардың пікірінше, оның негізгі себептерінің бірі – Теңіз кен орнындағы кеңейту жобасын жүзеге асыру барысының кешеуілдеуіне орай, мұнай өндіру көлемінің төмендеуі.

«Алдағы уақытта өсу 3-3,5% шамасында қалады деп болжап отырмыз. Бұл жерде әңгіме мұнай туралы емес өсім турасында. Егер жалпы өсімді алатын болсақ, онда ол мұнай өндіру көлеміне қарай басқаша болуы да ықтимал», – деді қор өкілі.

Қор Қазақстан ЖІӨ-іне қатысты болжамның өсумен қатар, төмендеу тәуекелі бар екеніне тоқталып өтті. ХВҚ бірінші тәуекел ретінде мұнай өндіру көлемін атады. Сонымен қатар бұған Украинадағы соғыстың жанама салдары, геосаяси жағдай мен Қазақстанның өзіндегі әлеуметтік жағдай әсері етуі мүмкін.

Экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтап қалу үшін үкіметке неғұрлым белсенді реформалар жүргізуге тура келеді. Елдегі инфляция төмендеп келеді, алайда мақсатты көрсеткішке жету үшін 5-6% бар. Бұл да – тәуекелдердің бірі.   

ХВҚ өзі құптайтын энергия ресурстарының бағасының өсуі инфляцияны жоғары деңгейде сақтап қалуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ қор Ұлттық банктің ақша-несие саясатына сенім арттыруы да мүмкіндіктерге жол ашады деп отыр.

«Мұндай жұмыстың бір бағыты Ұлттық банктің салалық емес, яғни квази фискалды опеарцияларын жою болуы мүмкін. Егер олар жойылатын болса, онда бұл Ұлттық банк жұмысына оң әсер етеді. Жұмыстың тиісті бағыттарын бөліп алу қажет: Ұлттық банк инфляция мәселелерімен айналысу керек және қолында бар құралдарды пайдалануы қажет», – деді Николя Бланше.

ХВҚ өкілі есептің соңғы нұсқасы қор сайтында 2024 жылдың ақпанында жарияланатын айтты.

10 қазанда Халықаралық валюта қоры 2024 жылғы әлемдік экономиканың өсімін бұрынғы 3% болжаммен салыстырғанда 2,9%-ға дейін төмендетті. ХВҚ 2023 жылға арналған жаһандық ЖІӨ өсу болжамын 3% деңгейінде қалдырды.

ХВҚ мәліметі бойынша қазан айында Қазақстан экономикасы мұнай бағасының жоғары болуынан биылғы жылы 4,6%-ға (бұрынғы болжам 4,3%), 2024 жылы 4,2%-ға (4,9% болған) өсу керек болатын. Ағымдағы жылдың қаңтарында ХВҚ Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,3%-ға өседі деп болжам жасады, бұл 2022 жылдың қазан айындағы болжамнан 0,1 пайыздық пунктіге аз.

Сондай-ақ оқыңыз