Көмірсутектер саласында рұқсат беретін мемлекеттік органдар бекітілді

Жарияланды

Үкімет 6 жыл бұрынғы қаулысына өзгеріс енгізді/ tipdoma.com

Үкіметтің осыдан 6 жыл бұрынғы «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізілді. Қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатты Энергетика министрлігі әзірлеген. Үкімет қаулысында: «Кіріспе жаңа редакцияда жазылсын!» – деп нақтыланған.

Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбада Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары және ирригация министрлігін бөлу арқылы қайта құрылғаны, оған су қорын пайдалану, қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілгені баяндалған.

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті болып қайта аталды», – делінген Энергетика министрі Алмас Сәтқалиевтің Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбасында.

Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып

  • Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің
  • Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті,
  • Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi,
  • ҚР Қорғаныс министрлігі бекітілді.

Ал Энергетика министрлігі уәкілетті орган деп жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз