Jusan тобына кіретін компанияның басқарма құрамы өзгерді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Jusan Invest басқарушы компаниясының басқарма құрамы өзгерді

Фото: kursiv.media

Jusan Bank-тің еншілес ұйымы – Jusan Invest басқарушы компаниясының басқарма құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратта жазылған. Басқарма құрамынан Мейірман Көшербаев шығарылды.

Көшербаевтың жұмыстан босатылу себебі нақтыланбаған. Енді басқарма құрамы үш адамнан тұрады: Тимур Салимов, Дана Оразбаева және Шынар Қасымбаева.

Күздің басында компания директорлар кеңесінің құрамын өзгертті. Қыркүйек айында басшысы Нұрдәулет Айдосов қызметінен кетті. Оның орнына директорлар кеңесінің жаңа төрағасы First Heartland Securities (Jusan Bank негізгі акционері) басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Ерке Нүркенов тағайындалды.

Қазан айында директорлар кеңесін KAZ Minerals және Bank RBK-нің негізгі акционерімен аттас Владимир Ким басқаратыны хабарланды.

Jusan Invest – «Жусан» тобының құрамына кіреді және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған инвестициялық пай қорларын (ПИҚ) және зейнетақы активтерін басқарады, сондай-ақ брокерлік қызмет көрсетеді. Оған қоса, топқа бай клиенттердің инвестициялық қоры мен активтерін басқаратын First Heartland Capital кіреді.

«Жусан инвест» биыл үшінші тоқсанда 18 203 доллар дивиденд төлеген. 

Компания акцияларының 95%-ы Жусан банкіне тиесілі, ол өз кезегінде Ғалымжан Есеновтің иелігінде: 19,67%-ы тікелей және 77,42%-ы Қазақстанның юрисдикциясына жақында қайтарылған First Heartland Securities арқылы бақылайды.

Сондай-ақ оқыңыз