Қазақстанда Starlink желісін қосу үшін заңға өзгеріс енгізу қажет

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстанда Starlink желісін қосу үшін заңға өзгеріс енгізу қажет / shutterstock, reutersconnect.com және wikimedia commons

Қазақстанда Starlink желісін іске қосу үшін осы бағыттағы заңға өзгеріс енгізу қажет. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин айтты.

«Қазақстан ғана емес барлық ел байланыс саласын реттеу үшін заңға өзгеріс енгізуге мәжбүр болып отыр. Себебі – Starlink жаңа байланыс технологиясы. Үш жыл бұрын ғана іске қосылған. Оларға біздің елде желіге кіру үшін ел аумағында жабдық орнатып қажеті жоқ. Сондықтан бізге заңды өзгерту қажет», – деді министр.

Ол заң күшіне енбейінше, жеке немесе заңды тұлғалар Starlink желісін ел аумағында жабдықтауға тыйым салынғанын айтты.

«Біз тиісті заң жобасын келесі жылы дайындап береміз. Мәжіліс тез қабылдаса жақсы болар еді. Заңның қашан қабылданатыны Парламентке байланысты», – деді министр.

Осыған дейін Илон Масктің SpaceX компаниясы Қазақстанның екі мыңға жуық ауылының мектептерін интернетпен қамтамасыз ететінін жазған едік

Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясының Starlink терминалын орнатқан қазақстандықтар айыппұл төлейді.

Сондай-ақ оқыңыз