«Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиғадан бір адам көз жұмды

Жарияланды (жаңартылды )
shutterstock

«Қазақмыс» компаниясы сәрсенбі күні кешке №2 Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиғадан бір адам көз жұмғанын хабарлады.

«Конвейер механизмімен  қысылу салдарынан 1980 жылғы  конвейер машинисі өлімге алып келген жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғаны жайлы мәлімдеді» – делінген компания таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Бұған дейін, Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жыланды» кенішінде 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді. «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді. Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлаған болатын.

Ал, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақмыс» кеншілерінің қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмаса да, заң құзыреттілігі шеңберінде кепілдік бере алатынын, негізінен қауіпсіздікке бірінші кезекте компания мүдделі екенін алға тартқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз