Қытайлық DayDayCook сәтсіз IPO-дан кейін акцияларына демеу іздейді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қытайлық DayDayCook сәтсіз IPO-дан кейін акцияларына демеу іздейді / Facebook

Қараша айының ортасында IPO өткізген қытайлық дайын тағамдар мен жартылай фабрикаттар өндірушісі DayDayCook (DDC) өз акцияларының құнын түсірмеу үшін оның бір бөлігін қайта сатып алады. Бұл туралы «Курсивке» компанияға жақын екі дереккөз айтты. Сейсенбі күнгі сауда-саттық жабылғанда DDC акциялары бастапқы кезеңге қарағанда 33% арзан болды.

Өз акцияларын сатып алудан бөлек, DDC Қытайдағы акцияларына қосымша сұраныс туғызужолдарын іздеп отыр. «Курсив» дереккөзінің айтуынша, компания андеррайтерлермен құндықағаздар бойынша қысқа позицияларды шектеуді талқылайды. Егер бұл шара іске асса, жақын арада акциялар құнының өсу динамикасына оң әсер ете алады.

DayDayCook 2012 жылы Гонконгта құрылған. Бұл бастапқыда рецепттер мен басқа да аспаздық туралы ақпаратты тарату қызметі болды. Бірақ 2019 жылдан бастап компания дайын тағамдар мен рецепт бойынша пісірілетін тағам жиынтықтарын сата бастады. 30 маусымдағы жағдай бойынша сервисте 24,5 миллион клиент болған.

17 қарашада DDC Нью-Йорк биржасында IPO орналастырды. IPO инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудырмай, акцияның бір данасы 8,5 долларға орналасты. Бұл алдын ала болжамнан 10% арзан. Сонымен қатар, сұраныс азайғаннан кейін DDC IPO мөлшерін 4,25 миллион акциядан 3,9 миллион акцияға дейін азайтты.

21 қарашада нарық жабылғанда DDC қағаздары 5,67 долларға бағаланды. Бұл бастапқы бағадан 33% төмен.

Қараша айының соңында немесе желтоқсанның басында DayDayCook 3-тоқсан туралы есеп беруі керек. Қазірге белгілі ақпарат IPO алдындағы инвесторларға арналған материалдарда 2023 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша компания кірісі 33,9%-ға (12,3 млн-ғадолларға дейін) өскенін, жалпы маржа бір жыл бұрынғы 20,2%-ға қарағанда 26,2%-ға жеткен.

Көп жағдайда компания көрсеткіштерінің өсуі Қытай нарығының өсуіне тәуелді. DayDayCook мақсаты – әлемдік нарыққа шығу. Пісіруге және жылытуға дайын тағам сегменттері Қытайда соңғы жылдары қарқынды өсуде. Frost & Sullivan болжамы бойынша Қытайдағы нарық көлемі 2026 жылға қарай 83,5 млрд долларға жетеді. Алайда 2025 жылға қарай компания кірістің жартысын Қытайдан тыс жерде алуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта компания американдық нарыққа шығу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр: Сан-Францискода орналасқан Nona Lim компаниясын сатып алды. Осындай келіссөздер Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі әлеуетті серіктестермен де жүргізілуде. Бірақ ең бастысы – компанияның сату стратегиясы, онлайн және офлайн сатылымдардың теңдестірілген үйлесімі. Бұл DayDayCook-ке көптеген клиент тартуға, сату арналарын оңтайландыруға көмектеседі.

2024 жылы «Air Astana» компаниясы көптен күткен IPO-ға шығарылады

Сондай-ақ оқыңыз