Күн райының қолайсыздығынан еліміздің бірқатар өңірінде күре жолдар жабылып, Астана тұрғындарына сақ болу ескертілді

Жарияланды
Күн райы бұзылып, жолдар жабылды / shutterstock

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізміздің бірқатар өңірінде күре жолдар жабылды. Шектеу енгізілген жолдардың жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын, 26 күре жол. Бұл республикалық маңызы бар жолдар желісінің 12%.

Ал, Астана қаласының әкімдігі «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, қалада ауа райы күрт бұзылатынын хабарлап, тұрғындарды сақ болуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, Астана қаласында 22 қарашада екпіні 16-21 м/с болатын жел болады, 23 қарашада көктайғақ пен желдің екпіні 15-20 м/с, ал кейде 23-28 м/с болады.

«Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғалар болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды», деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты», делінген хабарламада.

Құтқарушылар қала тұрғындарынан далада жүргенде сақ болуды, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Көктайғақ кезінде мектеп оқушыларын сақтық ережелерін сақтауға шақырады.

Ақпаратқа сәйкес, қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

24 қарашада Астанада көшпелі бұлт, кейде жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстіктен соғатын жел – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Ал ауа температурасы: түнде -2-4°С, күндіз 0,+2°С шамасында болады деп күтіліп отыр.

Қазавтожол компаниясының хабарлауынша, Елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелді Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасауда

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлерінің аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда:

Ақмола облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

«Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;

«Жезқазған-Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;

«Екатеринбург-Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы:
Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы;

Көкшетау-Атбасар» тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық.

Солтүстік Қазақстан облысында:

«Жезқазған-Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;

”Екатеринбург-Алматы» күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;

Қостанай облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.

Батыс Қазақстан облысында

Чапаев-Казталовка күре жолы жабық.

Сондай-ақ оқыңыз