Жаңалықтар

Орталық депозитарий The Bank of New York Mellon банкінде шот ашты

депозитарий открыл счет в Нью-Йорке

Орталық депозитарий The Bank of New York Mellon банкінде шот ашты Фото: shutterstock

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ The Bank of New York Mellon банкінде шот ашты. NYM банкінде шот ашылуы KCSD депоненттеріне АҚШ нарығына тікелей шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, BNYM банкіде шот ашқан KCSD клиенттеріне мынандай мүмкіндіктер ұсынылады:

  • депоненттердің активтерін BNYM банкісіне көшіру кәсіби қатысушылардың активтерді сақтау және мәмілелерді жүргізу шығындарын азайту;
  • депоненттерге бұрын Euroclear және Clearstream сияқты жоғары тұрған есеп ұйымдары қол жеткізе алмаған американлық эмитенттердің бағалы қағаздарының кең спектріне қолжеткізу;
  • осы шот арқылы жаңа шетел нарықтарына, мысалы, Гонконг пен құрлықтық Қытай нарықтарына қолжетімділік ашылады, бұл KCSD клиенттері үшін инвестициялық құралдарды таңдауды арттырады.

Аталмыш шот халықаралық депозитарийлермен және жаһандық кастодиандармен депозитаралық және корреспонденттік байланысты нығайту мақсатында ашылған.

«The Bank of New York Mellon мен ынтымақтастықты бастау – бұл клиенттеріміз үшін инвестициялық құралдарды таңдаудағы көкжиектерді кеңейтудің тамаша мүмкіндігі. Біздің жаңа сервис біздің клиенттердің бизнесіне оң әсер ететініне және қазақстандық инвесторлардың жаңа қаржы құралдарына деген қажеттілігін қанағаттандыратынына сенімдіміз», – деп атап өтті KCSD Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Орталық депозитарий – өз клиенттеріне 25 жыл бойы қызмет көрсететін, трейдингтен кейінгі қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының негізгі инфрақұрылымдық ұйымы. Орталық депозитарий өз клиенттеріне депозитарлық, тіркеу және ақпараттық қызметтерді, сондай-ақ банктік шоттарға қызмет көрсету және төлем агентінің қызметтерін ұсынады.

Мамыр айыда Орталық депозитарий ресейлік шоттарға сегрегация жүргізілетінін хабарлаған.

1 маусымдағы жағдай бойынша, Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1 870 000-нан астам шот тіркелген, оның 684 мыңы Орталық депозитарийде ашылған инвесторлардың сегрегацияланған қосалқы шоттарына, қалған 1 186 мыңы активтері агрегирленген омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын инвесторлардың брокерлік шоттарына тиесілі.