Қазақстанға 500 мың доза қызылшаға қарсы вакцина келді

Жарияланды

Қызылшаға қарсы 500 мың вакцина келді/Shutterstock

Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина (ҚҚП) партиясы келді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі

Халықтың арасында қызылша инфекциясымен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер егу мәртебесіне қарамастан балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жөніндегі қаулыға қол қойды. 

Бұған дейін қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін ҚҚП-ға қарсы вакцинаның 1,5 млн.астам дозасы сатып алынды.

Келген вакцина жедел тәртіпте ҚР ДСМ СЭБК-нің бөлуіне  сәйкес ел өңірлеріне жіберілетін болады. Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ «суықтық тізбегіні»сақтай отырып жүзеге асырады.

Вакцинациялау үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады.

Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады.

Биыл біздің елімізде, әлемнің көптеген елдеріндегідей, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі ел халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауды бастады.

Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундауға жатады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыз