ҚМА елдегі ірі жобалардың құрылысы барысында 10 млрд теңгені үнемдеуге көмектескен 

Жарияланды

Екі айда 8 жоба бойынша бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендетілді

Қаржылық мониторингі агенттігі екі айда 8 жоба бойынша бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендетті, деп мониторингтік орган баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА осы мақсатта ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді.

«Мемсараптама» РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Сондай-ақ Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 млрд теңгеге арзандатылды.

Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

«Қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысан бойынша мемлекет шығындарын 13 млрд теңгеге төмендетуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің құны 541 млн теңгеге асып кеткен», деп жазылған ҚМА таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ оқыңыз