Запастағы офицерлер 2 жылға әскери қызметке шақыртылады

Жарияланды
Запастағы офицерлер
Фото: kursiv.media

Запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке шақыртылады. Қорғаныс министрлігінің тиісті қаулысы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын»,- делінген құжатта.

Құжат түсіндірмесінде 2024 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін  және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын запастағы офицерлермен жасақтау мақсатында азаматтарды әскери қызметке шақырылатыны жазылған.

Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұланы үшін көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

Еске сала кетсек, 2023 жылға жоспарланған әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлер саны 354 адмнан 635 адамға, яғни 2 есеге ұлғайды.

Сондай-ақ оқыңыз